Қала әкімінің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру басталған болатын.

Былтырдан бері 57 отбасыға тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берілді.
Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерінің бірі – тұрғындарды тозығы жеткен үйлерден бөлме саны бірдей, әрленген жаңа қонысқа көшіру.
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұрлыбаев көшесі №6 апатты үйде тұратын тағы 9 отбасына жаңа пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады. Тұрғындарды қуанышты оқиғамен құттықтап, заманауи жайлы баспанаға көшу – азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Қаланың осынау тарихи бөлігін заманауи және абаттандырылған шағынауданға айналдыруға бағытталған тұжырымдама жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай, мегаполистің жалпы келбетін жақсартуға мүмкіндік береді.
Жобада көпқабатты тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды, саябақтар мен скверлерді, аудан әкімдігінің ғимаратын, спорт кешенін кезең-кезеңімен салу жоспарланған. Сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған мектепті кеңейту және көпфункционалды сауда-логистикалық орталығын құру көзделген.