Шымкентте табиғи газдың тарифтері өзгерді - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкентте табиғи газдың тарифтері өзгерді

6

Қарапайым тұтынушылар, заңды тұлғалар және бюджеттік ұйымдар тауарлық газ үшін көбірек төлейді.

QAZAQGAZ AIMAQ АҚ Шымкент филиалында хабарлағандай, өзгерістерді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті бекітті.

Тауарлық газдың жаңа сату бағасы қосылған құн салығы мен тасымалдау тарифін ескере отырып белгіленді. Енді 1000 текше метр газдың құны:

тұрғындар үшін40 470,18 теңге;

заңды тұлғалар үшін44 204,44 теңге;

бюджеттік ұйымдар үшін42 948,38 теңге;

атаулы немесе тұрғын үй көмегін алатын халықтың әлеуметтік осал топтары үшін30 386,81 теңге.

Advertisements