Қазақстан тұрғыны “Киану Ривзге” ақша аудармақ болды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Қазақстан тұрғыны “Киану Ривзге” ақша аудармақ болды

3

Қостанайлық әйел өзін әлеуметтік желіде Киану Ривз деп таныстырған алаяққа 400 доллар аудармақ болған, деп хабарлайды еліміздің ІІМ баспасөз қызметі.

Қостанайлық алпыс екі жастағы әйел алты ай бойы өзін Голливудтың әйгілі актері Киану Ривз деп таныстырған бейтаныс азаматпен әлеуметтік желі арқылы хат жазысқан. Оның айтуынша, ол өмірлік қиын жағдайға тап болғанын түсіндіріп, көмекке жүгініп, оған 400 доллар аударуды өтініпті. Әйел шотқа ақша аударуды білмегендіктен, банк қызметкерлерінің көмегіне жүгінген, делінген хабарламада.

ІІМ қызметкерлері күдікті жағдайды байқағанын айтты: ол ақша аударғысы келген шот белгісіз ойын компаниясына тиесілі болды, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әйелді ақша аударудан сақтап қалды. Бұл оның алаяқтарға ақша аударудың екінші әрекеті екені белгілі болды.

Advertisements