Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды
Павлодар облысында жол–көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, төрт адам зардап шекті.
“5 сәуірде Қызылорда–Павлодар автожолының 1153 шақырымында Chevrolet Cobalt жүргізушісі алдын ала мәліметтер бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, кюветке аударылды. Жол – көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды“, — деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.
Әр түрлі жарақаттары бар тағы төрт жолаушы ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды.