Шымкентте Франция университеттерінің бірінің факультеті ашылмақ - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкентте Франция университеттерінің бірінің факультеті ашылмақ

10

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынасты дамыту, сауда-экономикалық байланысты нығайту және денсаулық сақтау, мәдениет, туризм, инвестиция салаларындағы ынтымақтастық жобаларын талқылады.
Қала әкімі Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық және туристік әлеуеті туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді. Сондай-ақ дуалды оқытуды ұйымдастыру мәселелері және Шымкенттегі жетекші жоғары оқу орындарының базасында Франция университеттерінің бірінің факультетін ашу мүмкіндігі қарастырылды.
Бұдан бөлек, екі елдің бизнес өкілдерінің қатысуымен қаламызда форум өткізуді ұсынды. Кездесу соңында мегаполисте бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Advertisements