Шымкент: Өңірдің өнеркәсіп және инвестициялық даму көрсекіштері талданды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент: Өңірдің өнеркәсіп және инвестициялық даму көрсекіштері талданды

15

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық – инновациялық даму басқармасының 2024 жылғы 10 айдағы жұмысының қорытындылары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Басқарма басшысы 10 айда атқарылған жұмстар мен алдағы жылға қойған жоспарлармен бөлісті.
Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы 2024 жылға 7 негізгі нысаналы индикаторды орындауға кірісті. Ағымдағы жылдың 10 айындағы нәтижелер келесідей:
1. Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі – 805,1 млрд теңгені құрады. Бұл жылдық жоспардың 97,6%-ын қамтиды (жоспар – 825 млрд теңге).
2. Мұнай-газ-химия өнімдері – 48,8 мың тонна өндірілді. Жылдық жоспар – 80 мың тонна.
3. Негізгі капиталға инвестициялар – 2019 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге өсті. Бұл жоспарланған 275,7% көрсеткішке сәйкес келеді.
4. Жаңа өндірістер ашу – Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру бойынша 2024 жылы 1 жаңа жоба жүзеге асырылмақ.
5. Орта кәсіпкерлік үлесі – 2024 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 9,3%-ды құрады. Жылдық жоспар – 10,5%. 2024 жылдың 3 тоқсанындағы деректер 20 желтоқсанда жарияланбақ.
6. Қаржылық қолдау алған кәсіпкерлік субъектілері – 1021 бірлікке жетті. Бұл көрсеткіш жылдық жоспардан 4 есеге асып отыр (жоспар – 257 бірлік).
7. Цифрлық технологияларды пайдаланатын кәсіпорындар – Бұл көрсеткіштің статистикалық мәліметтері жылына бір рет қана жарияланады. 2024 жылға жоспар – 13,3%, нәтижелер 2025 жылдың мамырында белгілі болады.
Басқарма 2024 жылдың қалған екі айында жоспарланған көрсеткіштерге толық жетуге күш салмақ.
Шымкент қаласында белсенді жұмыс істеп тұрған 981 өнеркәсіптік кәсіпорын бар, олардың 19-ы ірі, 46-сы орта, ал 916-сы шағын өндірістер. 2024 жылдың алғашқы 10 айында бұл кәсіпорындар 913,9 млрд теңгенің өнімін өндірді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ға артық (873,7 млрд теңге).
Қаланың өнеркәсіп өндірісіндегі 88,1% үлеске ие өңдеу өнеркәсібінде 805,1 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіптік өндіріс индексі 102,4%-ды құрады. Саланың негізгі бағыттарында өсім байқалады:
• Дайын металл бұйымдары – 41,4%
• Фармацевтикалық өнімдер – 38,2%
• Химия өнеркәсібі – 36,8%
• Тамақ өнімдері – 5,5%
• Резина және пластмасса бұйымдары – 4,5%
• Сусындар өндірісі – 3,8%
• Мұнай өнімдерін қайта өңдеу – 0,2%
Шымкент қаласында жалпы аумағы 1 276 гектарды құрайтын 7 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бұл аймақтарда 601,7 млрд теңгеге 426 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде:
• 293 жоба іске қосылды, бұл 8 500-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Жалпы инвестиция көлемі – 225 млрд теңге.
• «Оңтүстік» индустриялық аймағында 101,4 млрд теңгеге 96 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, 80 жоба іске қосылып, 2 845 жаңа жұмыс орны құрылды. Аймаққа 97,2 млрд теңге инвестиция тартылды.
2024 жылы аймақта 847 млн теңгеге 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 68 жаңа жұмыс орны ашылды.
Шымкент қаласы 2024 жылы экономикалық даму мен инвестициялық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетуді жоспарлап отыр. Қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 536,4 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,9%-ға артық.
Оның ішінде:
• 129 млрд теңге – мемлекеттік бюджеттен,
• 407,4 млрд теңге – жекеменшік сектордан.
2024 жылы жалпы 813 млрд теңге инвестиция тарту көзделіп отыр, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 12,2%-ға жоғары көрсеткіш.
2024-2028 жылдары аралығында 2,7 трлн теңгені құрайтын 220 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 29,4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Ағымдағы жылы жалпы құны 246,9 млрд теңге болатын 56 жоба жүзеге асырылады, нәтижесінде 6 011 жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда осы жобалардың ішінен:
• 25 жоба іске қосылып, 2 943 жұмыс орны құрылды.
• Өңдеу өнеркәсібінде 360,7 млрд теңгеге 75 жоба жоспарланған, бұл салада 5,2 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ.
Қала басшылығының стратегиялық көзқарасы мен жаңа жобалардың жүзеге асырылуы Шымкентті еліміздің инвестициялық орталығы ретінде нығайтуда. Жаңадан ашылған жұмыс орындары мен инвестиция ауқымы өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Advertisements