Шымкент: 200-ден астам тұрандық тұрғын тазалық жұмыстарына атсалысты - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент: 200-ден астам тұрандық тұрғын тазалық жұмыстарына атсалысты

7

Тазалық шаралары Тұран ауданында да жалғасын тапты. Республика даңғылы бойындағы көпқабатты үйлердің ауласы тазаланып, жол бойы шөптен аршылды.
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Шымкент қаласы Тұран ауданы аумағында да тазалық іс-шаралары өтіп жатыр.
Аудандағы шараға комуналдық мекеме қызметкерлері, «Шымкент спец комплекс» ЖШС жұмысшылары белсене атсалысты. Ауладағы қоқыстарды тазалап, шыммен көмкерілген көгалды қураған шөптен аршыды. Аудан әкімі аппараты мамандарыда білек сыбанып ортақ шаруаға кірісті.
“Республика 50,48 аулаларындамыз ауданда жыл басынан 60 тан аса сенбілік өтті. Қазіргі таңда 100 ден аса жұмысшы жұмылдырылды”,-деді Тұран ауданы әкімі аппатарының бас маманы Ерасыл Әлімхан.
Атап айтқанда, Республика даңғылы 50 мекенжайындағы аулалар тазаланып, ретке келтірілді. Сенбілік Республикалық экологиялық бағдарлама аясында ұйымдастырылып, 200-ден астам тұрғын мен 6 арнайы техника жұмылдырылды, 23 текше метр қоқыс шығарылып, аумақ тазартылды.
“Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында өтіп жатқан сенбіліктер қала тұрғындарының арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруда маңызды рөл атқарып келеді.
Тазалық шарасы әлі де жалғасады. Мамандардың айтуынша, жаңа жылға дейін аудан аумағында әлі екі шара жоспарланған. Басты мақсат – қала көркін ажарландыра түсу.

Advertisements