Шымкентте жаңа аялдама павильондары орнатылып жатыр - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкентте жаңа аялдама павильондары орнатылып жатыр

4
Қаламыздың тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңа аялдама павильондары орнатылып жатыр. Қазіргі таңда қала аумағында жалпы саны 2 335 аялдама орны бар. Ағымдағы жылы қажетті аймақтарға 877 жаңа аялдама павильоны орнатылды.
Аялдамалар екі үлгіде қойылуда:
* Тип 20 – берік, темірден жасалған құрылымдар;
* Тип 22 – заманауи, шыны павильондар.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта қаламыздағы көшелерде орналасқан аялдама павильондарында атаулары қазақ тілінде орнатылуда. Бүгінде 600 атау жазылған, сондай-ақ 532 аялдама ақпараттық тақтайшалармен жабдықталған.
Advertisements