Ұшақта экипажға шабуыл жасағаны үшін сотталды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Ұшақта экипажға шабуыл жасағаны үшін сотталды

7

20 ақпанда Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты әуе кемесінің бортында бұзақылық жасап, терроризм актісі туралы жалған ақпарат таратқан азаматты кінәлі деп таныды.

Сот оның Астана Өскемен бағытындағы FlyArystan ұшағының бортында мас күйінде болғанын анықтады:

* Ол стюардессаны, содан кейін оған ескерту жасаған жолаушыны ұрып, бұзақылық әрекеттер жасады;

* Төбелестен кейін бортта бомба бар екендігі туралы хабарлады.

Нәтижесінде 153 жолаушы шұғыл түрде түсірілді, ұшақ қайта тексеруден өтті, бұл авиакомпания мен көлік полициясының қаржылық шығындарына әкелді.

Прокурор 3 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. Сотталушы кінәні мойындап, өкінетінін, соттан жеңілірек жаза тағайындауды сұрады.

Сот сотталушының кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескерді, бірақ оның мас күйінде болу жағдайды қиындатты.

Қылмыстардың жиынтығы бойынша ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Advertisements
Тегтерұшақ