Шымкентте дзюдодан республикалық турнир басталды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкентте дзюдодан республикалық турнир басталды

14

Шымкентте Кеңес Одағының Батыры Ережепбай Молдабаевты еске алуға арналған «Мини татами» дәстүрлі ашық турнирі басталды. Биыл бұл дода төртінші рет өткізіліп отыр.

Жарысқа Жамбыл, Атырау, Жетісу, Ұлытау және Түркістан облыстарынан 350-ге жуық спортшы қатысуда. 2011–2012 жылы туған кіші жасөспірімдер татамиде бақ сынауда. Шымкент қалалық спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков жас балуандарға сәттілік тілеп, олардың болашағынан зор үміт күтетінін айтты.
Турнирдің мақсаты — жасөспірімдерді спортқа баулу, тәртіп пен патриоттық рух қалыптастыру және батыр бабамыздың ерлігін дәріптеу.

Advertisements