Шымкенттен Еуропа және Азия елдеріне тікелей рейстер ашылды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкенттен Еуропа және Азия елдеріне тікелей рейстер ашылды

5

Шымкент қаласында Германия, Венгрия, ҚХР, Оңтүстік Корея, Египетке тікелей рейстердің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара ҚР Президентінің Қазақстан әуежайларының жүктерді тасымалдау мүмкіндіктерін кеңейту және аэрохабтарды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде іске асырылды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.

Рейстер Boeing 737 типті әуе кемелерінде орындалады.

27 мамырдан бастап Шымкент-Мюнхен бағытындағы әуе рейсі аптасына 2 рет сейсенбі және бейсенбі күндері тұрақты орындалады.

Шымкент-Будапешт бағыты аптасына 2 рет сейсенбі және сенбі күндері орындалады.

29 мамырдан бастап Шымкент-Шанхай бағыты аптасына 2 рет дүйсенбі және бейсенбі күндері тұрақты орындалады.

Шымкент-Сеул рейсі аптасына 2 рет дүйсенбі және бейсенбі күндері, ал Шымкент-Каир рейсі әр бейсенбі сайын орындалады.
24 маусымнан бастап Шымкент-Каир рейсі аптасына 2 рет дүйсенбі және бейсенбі күндері орындала бастайды.

2 шілдеден бастап Шымкент-Сиань әуе рейсі іске қосылып, сәрсенбі және сенбі күндері аптасына 2 рет орындала бастайды.
4 шілдеден бастап Шымкент-Үрімші рейсі аптасына 2 рет сейсенбі және жұма күндері жүзеге асады.

Advertisements