Банк каратысын өзгелерге бергендер жазаланады

Енді банк картасын үшінші тұлғаға бергендер жауапкершілікке тартылады. Ішкі істер министрлігі дербес деректерді қорғауға және қаржы саласындағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған заңнаманың өзгергенін ескертеді.
Қылмыстық кодекстің жаңа 232-де 1-ші бабына сәйкес өзінің банктік деректемелерін үшінші тұлғаларға материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін бергендер қылмыстық жауапкершілік арқалайды. Алаяқтар берілген деректерді қылмыстық кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру немесе басқа азаматтарды алдау үшін пайдалануы мүмкін. Көп жағдайда зардап шеккендер өздерінің қылмысқа қатысушы екенін түсінбей жатады, – дейді мамандар.
Полицейлер: “картаңызды немесе шотыңызды үшінші тұлғаға беру арқылы “оңай ақша табуға” келіспеңіз; күдік туындаған жағдайда банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз, – деп ескертеді.