Қазақстан-Түркия: көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық

Қазақстан-Түркия сауда-экономикалық ынтымақтастығының маңызды бағыты – көлік-логистика саласындағы әріптестік.
Былтыр теміржол арқылы жүк тасымалы 14 пайызға өсіп, 5 млн тоннаға жуықтады. Ал автокөлікпен жүк тасуда 0,4 пайыз өсім бар. Яғни 732 мың тоннаға жетті. Сондай-ақ бүгінде Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту бойынша жұмыс қолға алынды. Былтыр дәлізбен өткен жүк көлемі 62 пайызға ұлғайды. 4,5 млн тонна жүк жөнелтілді. Таяу жылдары бұл көрсеткішті 10 млн тоннаға жеткізу көзделген.