
Жақсы таңдалған кілем – кез-келген үйдің көркін келтіреді. Өнімнің дұрыс құрылымы мен түсі бөлмеге жайлылық пен жылулық, ыңғайлылық қосады.
Қазіргі заманғы нарықта өндірушілер кілемдердің үлкен ассортиментін ұсынады және барлық ұсыныстардың ішінде дұрыс таңдау жасау өте қиын, сондықтан сатып алушы кілемнің сапасына, өнімнің бағасына және бірегейлік мүмкіндігіне мән береді. Шымкенттік “Бал Текстиль” компаниясы кез келген талғампаз тұтынушының көңілінен шығатын, сапалы әрі заманауи кілемдерді ұсынатын бірегей фабрика.
Шымкенттегі «Бал Текстиль» компаниясы – Қазақстан Республикасында кілемдер мен кілем өнімдерін шығаратын алғашқы отандық фабрика. Аталмыш фабрика ең озық технологияларды қолдана отырып, кілем шығарады және кілем өндірісінде Қазақстан нарығында көшбасшы болып табылады.
«Бал Текстиль» ЖШС – кілемдер мен кілем өнімдерін шығаратын алғашқы қазақстандық фабрика, Орталық Азиядағы ең ірі кілем фабрикаларының бірі. Фабрика 2012 жылы Шымкент қаласында құрылды. “Оңтүстік” индустриалды аймағында орналасқан.
Фабриканы іске қосу – инвесторлардың 1,1 млрд теңге көлеміндегі инвестицияларының арқасында жүзеге асырылды. 2015 жылы қазақстандық кәсіпкерлер полипропилен жіп өндіру цехын іске қосты, бұл кілем бұйымдарының бағасын 20% – ға төмендетуге мүмкіндік берді және кілем өндіру көлемін кеңейтті. Одан соң “Өндіріс 2” бағдарламасы аясында “ДАМУ” қорынан 1,4 млрд теңге көлемінде қаржы алынды.
“Алғашқы кезеңдерде бізге қиын болды, – деп мойындайды компания директоры Талғат Исхахов. – Өйткені адамдар Қазақстанда сапалы тауар шығара алатынына сенбеді және біздің кілемдерді сатып алғысы келмеді”.
Кәсіпкердің сөздерін 2012 жылы DAMU Research Group дайындаған тұтынушылық мінез – құлықты талдау растайды: сауалнамаға қатысқандардың 61% – ы Түрік өндірісінің кілемдерін, ал 11% – ы ғана отандық кілемдерді артық көрді.
Дегенмен, 2014 жылы «Бал Текстиль» – “Қазақстанның үздік тауары” байқауының өңірлік кезеңінде жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, “Алтын Сапа” республикалық байқауында екінші орын алды.
Кең ассортимент пен қол жетімді бағалардың арқасында «Бал Текстиль» кілемдері ТМД елдерінде ғана емес, Еуропа нарығында да үлкен сұранысқа ие. Фабриканың өнімдері еліміздің сауда орталықтырында саудалануда. Республика бойынша төрт жүзден астам дистрибьюторлары жұмыс жасайды.
Одан бөлек – Қазақстан Республикасынан үйге арналған тауарларды сататын әлемдегі ең ірі бөлшек сауда желісі IKEA-ға алғашқы өнім жеткізуші болып табылатындығы. Фабрика өнімдер CT-KZ ұлттық стандарттары мен талаптарына және ISO 9001 – 2009 халықаралық стандарттарына толығымен сәйкес келетінін атап өткен жөн.
“Бал Текстиль” жобасы елге шетелдік инвесторларды тарту және халықаралық ынтымақтастықтың нәтижелілігі бойынша бірегей үлгі болып табылады, бұл тауарлар мен қызметтердің Әлемдік нарығында республиканың қолайлы бизнес-климатының тиімді көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Өнімнің үлкен таңдауы, жеке өндіріс және тікелей сату, барлық тауарлардың мінсіз сапасы, қол жетімді баға-мұның бәрі “Бал Текстиль” компаниясы!












