Шымкент өнеркәсібінің қарқынды дамуы: 2025 жылдың 6 айдағы негізгі көрсеткіші - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент өнеркәсібінің қарқынды дамуы: 2025 жылдың 6 айдағы негізгі көрсеткіші

53

Шымкент қаласының өнеркәсіп саласы 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында тұрақты даму қарқынын сақтап, республика деңгейінде жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сәйкес, қалада белсенді жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп кәсіпорындарының саны 798 бірлікті құрады. Оның ішінде 18 – ірі, 43 – орта, және 737 – шағын кәсіпорын.
Аталған кәсіпорындардың 696-сы өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейді. Олардың құрылымында 14 – ірі, 38 – орта, және 644 – шағын кәсіпорын бар.

ӨНДІРІС КӨЛЕМІ 680 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

2025 жылдың қаңтар-маусым айларында қала бойынша жалпы 679,9 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,9%-ға артық.
Өңдеу өнеркәсібі – Шымкент өнеркәсібінің басты тірегі екенін айта кеткен жөн. Жалпы өнеркәсіп өнімінің 88,7% осы салаға тиесілі. Атап айтқанда, 603,2 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өндіріс индексі 117,9% құрады. Бұл көрсеткіш республикалық орташа деңгейден (Қазақстан бойынша – 105,5%) едәуір жоғары. Шымкент бұл нәтижемен өңірлер арасында 3-орынды иеленді.

САЛАЛАР БОЙЫНША ӨСІМ ДИНАМИКАСЫ

2025 жылдың алғашқы жартысында өңдеу өнеркәсібінің негізгі бағыттары бойынша айтарлықтай өсім байқалды:
Жиһаз өндіру – 2,2 есеге артты
Машина жасау – 2,2 есеге
Химия өнеркәсібі – 2,3 есеге
Дайын металл бұйымдарын өндіру – 78,9%-ға
Резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі – 36,4%-ға
Мұнай өнімдерін қайта өңдеу – 26,5%-ға
Сусындар өндірісі – 46,9%-ға
Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндірісі – 22,6%-ға
Металлургия – 18,4%-ға
Тамақ өнімдерін өндіру – 23,2%-ға артты.

ИНДУСТРИЯ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ ДРАЙВЕРІ

Мұндай көрсеткіштер қаланың индустриялық-инновациялық даму бағытының жүйелі жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Жаңа өндіріс орындарының ашылуы мен технологиялық жаңғырту жобалары өнеркәсіптің серпінді дамуына жол ашып отыр.
Шымкент қаласы алдағы уақытта да индустриялық әлеуетін одан әрі арттырып, еліміздегі өнеркәсіптік хабтардың біріне айналуды көздеп отыр.

Advertisements