Жолдау жүктеген міндет - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Жолдау жүктеген міндет

26

Шымкенттіткер жастарға бағытталған маңызды мәселелер туралы ой бөлісті. Олар Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерден бастап, заманауи қоғамдағы қауіп-қатерлерге дейін кеңінен тоқталды.

Президент Жолдауы – ел дамуының жаңа бағытын айқындайтын құжат. Әсіресе жастардың бәсекеге қабілеттілігі, білімге құштарлығы мен еңбекқорлығы – басты назарда. Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру – әр азаматтың парызы.

Қоғамдық өмірде цифрландыру күн сайын артып келеді. Қызмет көрсету, білім, медицина, тіпті қарапайым тұрмыстық мәселелердің өзі онлайн жүйеге көшіп отыр. Бұл – уақыт үнемдеудің тиімді жолы. Алайда цифрлық мәдениетті дұрыс қалыптастыру, киберқауіпсіздікті сақтау – басты шарт.

Жастардың басты кемшілігінің бірі – қаржыны дұрыс басқармау. Белсенді қаржылық сауаттылықты арттырудың маңызын атап өтті. Ақшаны жоспарлы жұмсау, табысты бөлу, жинақтау мәдениетін үйрену – тұрақты өмірге бастар жол.

Еңбекке қабілетті бола тұра мемлекеттен жәрдем күтіп, дайынға әуестенетіндер аз емес. Белсенді мұндай масылдық қоғамның дамуына тежеу болатынын айтты. Әр адам өзінің күшіне сеніп, еңбек арқылы табыс табуды мақсат етуі тиіс.

Жылдам баюды көздеген қаржы пирамидаларының құрбаны болып жүргендер көп. Белсенді мұндай алаяқ схемалардан сақ болуды ескертті. Қаржы пирамидасы – «оңай олжа» деген иллюзия ғана, ал ақыр соңында азаматтарды қарызға батырады.

Қазіргі таңда интернет алаяқтық түрлері жиілеп кетті. Әлеуметтік желі, жалған сайттар мен хабарламалар арқылы адамдарды алдап, қаржысынан айыру деректері аз емес. Сондықтан қоғам мүшелері сақтық шараларын ұстанып, күмәнді ұсыныстарға сенбеуі тиіс.

Жастар арасындағы ең күрделі мәселелердің бірі – суицид. Қоғам белсендісі мұның алдын алу үшін рухани тәрбиеге, психологиялық қолдауға, отбасы ішіндегі жылы қарым-қатынасқа ерекше мән беру керек екенін жеткізді. Әр жастың өмірі – баға жетпес құндылық.

Advertisements