Шымкент: Өрт сөндіру деполары салынуда - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент: Өрт сөндіру деполары салынуда

28

Шымкент қаласының бірқатар шағын аудандарында өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында жаңа өрт сөндіру деполарының құрылысы басталды. Қазіргі таңда Таскен, Елтай және Сәуле шағын аудандарында нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Жаңа деполар пайдалануға берілген соң мұнда 20-ға жуық қызметкер жұмыс істеп, 2 өрт сөндіру техникасы тұрақты дайындықта тұрады. Сондай-ақ тұрғындарға учаскелік полиция, медициналық пункт, өрт сөндіру бекеті және жол-патрульдік қызмет те қолжетімді болмақ. Бір қабатты ғимаратта қызметтік кабинеттер, асхана және оқу сыныбы қарастырылған. Нысандардың құрылысы жыл соңына дейін толық аяқталуы тиіс.
Осыған қоса, жыл соңына дейін Бозарық пен Жаңаталап шағын аудандарында да осындай деполардың құрылысы басталмақ. Ал 2026 жылы Ынтымақ, Базарқақпа, Қайнарбұлақ, Шымсити және Ақжар шағын аудандары өрт сөндіру бекеттерімен қамтылады.
Қаладағы ауқымды жобалардың бірі – Тұран шағын ауданында салынып жатқан 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы. Бұл нысанның құрылысы 2024 жылдың мамыр айында басталған, қазіргі таңда жұмыс көлемінің 25%-ы орындалды. Құрылыстың толық аяқталуы 2026 жылға жоспарланған.
Жаңа нысандардың іске қосылуы қала тұрғындарының қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдайларға дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, жыл басында «Ордабасы» футбол клубының демеушілігімен стадиондағы табиғи газон толықтай ауыстырылып, автоматты суару жүйесі орнатылды. Бұл жұмыстарды тәжірибелі компания жүзеге асырды. Жобаның жалпы құны – 78 млн теңге, оның ішінде газонды ауыстыруға – 54 млн теңге, ал суару жүйесіне – 24 млн теңге жұмсалды. Бұған қоса, жүгіру жолақтары халықаралық стандарттарға сай қайта жабдықталып, көк түсті сапалы тартан жабыны төселді. 8 жолақ қарастырылған жаңа алаңды жабдықтау 380 млн теңгеге түсіп, ол да демеушілердің қолдауымен іске асырылды.
Жаңғырту жұмыстары бірнеше бағытты қамтыды. Стадион аумағы толық абаттандырылып, бұрын-соңды ауыстырылмаған газон жаңарды, халықаралық сертификатталған жабыны бар жүгіру жолдары төселді. Сонымен бірге негізгі командаға арналған жаттығу және қалпына келтіру блогы ашылды, бапкерлер мен қосалқы ойыншыларға ыңғайлы орындықтар орнатылды. Көрермендерге арналған орындықтар мен ВИП-кабиналар жаңартылып, жаңа мультимедиялық табло, заманауи LED-экрандар және борттық мониторлар іске қосылды.
Жалпы жаңғыртуға жергілікті бюджеттен 149 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, негізгі құрылыс материалдары мен жабдықтар демеушілер есебінен қамтамасыз етілді.
Жаңартылған «Орталық» стадион футбол жанкүйерлеріне қолайлы жағдай жасап қана қоймай, халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізуге толық мүмкіндік бермек. Бұл жобалық өзгерістер – Шымкенттегі спортқа қамқорлықтың, жанкүйерлерге құрметтің және болашаққа сенімнің айқын көрінісі.

Advertisements