«OMIR SHYMKENT» этно- глэмпинг кешенінің құрылысы жоспарға сай жүргізілуде

Шымкент қаласында жүзеге асырылып жатқан <<OMIR SHYMKENT» этно-глэмпинг туристік кешенінің құрылысы бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жоба өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, этнотуризмді дамытуға және тұрақты демалыс инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған.
Жоба аясында 38 глэмпинг және 18 капсулалық үй, мейрамхана, SPA-бассейн, спорттық алаң, амфитеатр, жылқы ұстау және шарап дайындау аумағы іске асырылады.
Жобаның бірінші кезеңін 2026 жылдың наурыз айында пайдалануға беру жоспарланған. «OMIR SHYMKENT» кешені іске қосылғаннан кейін Шымкенттің жаңа туристік тартылыс орталығы ретінде өңір экономикасына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.
OMIR SHYMKENT экологиялық тазалықты, жайлылықты және ұлттық бірегейлікті құрметтеуді біріктіретін аймақтағы ең ірі этноглемпинг-жобалардың бірі болады.
Анықтама:
Аумағы: 50 гектардан астам
Инвестиция көлемі: 1,5 млрд теңгеден астам
Іске асыру кезеңі: құрылыс, басталуы маусым 2025
Кешеннің инфрақұрылымы мыналарды қамтиды:
* демалыс үйлері және капсула орналастыру;
* ұлттық киіз үйлер;
* мейрамхана және тамақтану аймақтары;
* бассейндер, монша кешені, SPA;
* жарықтандырылған серуендеу жолдары, пирстер және белсенді және пассивті демалыс аймақтары.
Жобаның негізгі ерекшеліктері:
* Құрылыс табиғи ландшафтты сақтай отырып жүзеге асырылады: ағаштар мен жасыл кеңістіктер сақталады, табиғи экожүйеге араласу азаяды.
* Барлық конструкциялар-тез салынатын, топырақ қабатын күрделі өзгертуді қажет етпестен қадаларға немесе үйінділерге орнатылады.
* Жоба тұрақты туризм қағидаттарына және ішкі турпотокты дамытуға бағытталған.
Жұмыс күшін тарту:
* Құрылыс кезеңінде жұмысты мамандандырылған мердігерлік ұйым орындайды. Бұл кезеңде жергілікті тұрғындарды тарту қарастырылмаған.
* Пайдалануға берілгеннен кейін кешенге қызмет көрсету және пайдалану саласында 30-дан 50-ге дейін тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарлануда.












