Шымкентте шығарылатын «Фруктиз» сироптарының сыры неде? - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкентте шығарылатын «Фруктиз» сироптарының сыры неде?

18

Шымкент қаласындағы Cast Drink Products зауытына кірген сәттен-ақ тәтті иіс пен белсенді жұмыстың қарқыны сезіледі. Мұнда «Фруктиз» сауда белгісімен сироптар мен пюрелер шығарылады. Орайы келгенде біз аталмыш өндіріс орнына арнайы барып, ең тәтті құпиялардың сырын ашуға тырыстық.

Зауытта жұмыс қызып жатыр. Жұмысшылардың бірі үлкен қазандардың қасында, екіншісі құю желісінде, келесісі дайын өнімге этикетка жапсырып әлек. Күніне бұл жерде 16 тоннаға дейін сироп өндіріледі. Яғни 16 мың бөтелке, олар еліміздің түкпір-түкпіріндегі кофеханалар мен мейрамханаларға жол тартады.
Өндіріс орнын аралап жүріп, сапаның сыры туралы сұрадық. Мұндағылардың айтуынша, бар мәселе тек рецептте емес, көзқараста.
«Біз үшін басты қағида — табиғилық пен тазалық, — дейді технологтардың бірі. — Сироп алдымен үлкен қазандарда қайнатылады, содан кейін купаждау ыдыстарына айдалып, әрі қарай құю желісіне жіберіледі. Барлық өнім тек 100% табиғи ингредиенттерден дайындалады. Негізгі компоненттер — қант пен су. Әр партия зертханада сапа бақылауынан өтеді. Біз ешқандай консерванттар қолданбаймыз».
Зауыттың тағы бір мақтанышы — «Халал Даму» сертификаты. Бұл құжатты алу үшін судан бастап қантқа дейінгі барлық құрамдас бөліктер толық зерттеледі. Қазіргі таңда кәсіпорын 100-ден астам түрлі сироп шығарады.
Ассортименттің кеңдігі де көңіл қуантады. Бүгінде компания классикалық шоколад пен ванильден бастап, экзотикалық макадамия мен мангоға дейін жүзден астам дәм түрін ұсынады. Ал мұның бәрі бір кездері ас үйде басталған шағын тәжірибелерден туған.
««Фруктиз» сироптары мен пюрелерін өндіру идеясы біздің халықтың сапалы әрі халал өнімге деген сұранысы артқан кезде пайда болды, — дейді компания басшысы. — Сол кезде өз өнімімізді шығаруға шешім қабылдадық. Барлығы табиғи ингредиенттерден жасалады. Бізде халал және Еуропалық (ЕС) сертификаттар бар. Қазір күніне 16 тонна өнім шығарамыз».
Компанияның негізін қалаушы алғашқыда рецептпен өзі тәжірибе жасап, сироптарға сұраныстың жоғары екенін байқаған. 2022 жылдың қыркүйегінде зауыт ресми түрде іске қосылып, биыл үш жылдығын атап өтпек. Осы уақыт ішінде өндіріс қарқынды дамып, жаңа желілер орнатылды, мамандар қабылданды, қоймалар мен дистрибьюторлық жүйе құрылды.
Біз кәсіпорын басшыларынан қазақстандық өнімге деген сенім жайлы сұрадық.
«Иә, адамдар кейде отандық өнімге сенімсіздікпен қарайды, — дейді маркетинг бөлімінің өкілі. — Бірақ тәжірибе бәрін көрсетеді. Бірде 15 мейрамханадан тұратын желіге өз өнімімізді таныстырдық. Бұрын олар тек шетелдік сироптарды пайдаланатын. Дегустация кезінде шеф-бармен біздің өнімге таңғалды. Ал желі иесі: «Неге импортқа артық ақша төлеуіміз керек, егер дәл осындай сапалы жергілікті өнім бар болса?» деп, бізбен жұмыс істеуге шешім қабылдады».
Айта кету керек, өнім сапасы жоғары болса да, бағасы импорттық сироптарға қарағанда әлдеқайда төмен. Мысалы, танымал сайттарда «Фруктиз» сироптарының литрі шамамен 2000 теңге тұрса, дәл сондай француздық аналогтың бағасы 6000 теңгеге жетеді.
Өндірістің ішкі жұмысына қайта оралсақ, цехтағы үлкен қазандарда қайнаған сироптың иісі мұрын жарады.
«Біз лимонадқа да, коктейльге де арналған сироптар шығарамыз, — дейді цех шебері. — Өніміміз экологиялық таза, 100% табиғи. Қайнату температурасы, қанттың тығыздығы мен қышқылдығы әр кезеңде мұқият бақыланады. Барлық жабдық Қазақстанда арнайы біздің тапсырыспен жасалған».
Рецепттерде табиғи жеміс пюрелері мен экстракттар пайдаланылады, ал олардың басым бөлігі — қазақстандық жеткізушілерден.
«Біз тек уақытпен тексерілген серіктестермен жұмыс істейміз, — дейді өндіріс бөлімінің өкілі. — Импорт тек аз ғана бөлігін құрайды, негізінен Ресейден. Себебі кейбір өнімдер бізде өндірілмейді. Ал 80–90% шикізат — жергілікті. Жемістеріміз де, қант та — отандық өнім».
Кәсіпорын ISO 22000 халықаралық стандарты бойынша жұмыс істейді. Барлық жабдық жүйелі түрде дезинфекциядан өтеді, ал қызметкерлер санитарлық дайындықтан өтеді.
Зауыттан шыққанда, «Фруктиздің» табысы кездейсоқ емес екеніне көз жеткіздік. Табиғи өнім, жергілікті шикізат, заманауи технология және адал еңбек — міне, «Фруктиз» дәмінің басты құпиясы осында.

Advertisements