Шымкентте кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсетілуде - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкентте кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсетілуде

15

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек әдеттегідей апталық баспасөз мәслихатын өткізді. Жиында шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, өмемлекеттік қайтармысыз гранттың аяқталғаны, кәсіпкерлікті қолдау, денсаулық, қаланың көркі мен инфрақұрылымды дамыту бағытындағы соңғы жаңалықтар талқыланды.

Сонымен күні кеше 2025 жылы азаматтардың жаңа бизнес-жобаларын жүзеге асыруға арналған мемлекеттік гранттардың үшінші легі аяқталды. Бұл жолы 400 АЕК-ке (1 572 800 теңге) дейінгі қайтарымсыз грант алуға 398 өтініш қабылданып, 99 азаматқа оң шешім шығарылған. Грант иелерінің әлеуметтік санаттары бойынша, АӘК алушылар – 1 адам, асыраушысынан айырылғандар – 5, мүгедектігі бар, еңбекке қабілетті тұлғалар – 21, көпбалалы отбасылар – 55, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар – 17 азамат алғаны белгілі болды. Грант ұтқан жобалардың бағыттары да алуан түрлі. Олардың ішінде мал және құс шаруашылығы, қызмет көрсету, кондитерлік және нан өнімдері, тігін өндірісі, фаст-фуд пен тағам дайындау, кофе секілді өзге де салалар бар. Жалпы алғанда, 2025 жылы Шымкентте 432 адам қайтарымсыз грант иегері атанып отыр. Сәрсен Абайұлы бұл бастама жаңа кәсіпкерлікті дамытуға және халықты жұмыспен қамтуға нақты серпін беретінін атап өтті.
– Апта басында Тассай шағынауданының тұрғындарына табиғи газды қосу рәсімі өтті. Газдандыру жобасының екінші кезеңі аясында 1 700 абонентке көгілдір отыны жеткізілгені де жағымды жаңалық болып тұр. Бірінші кезеңде 800 үй газға қосылған болатын. Жыл соңына дейін қалған үйлерді де орталық жүйеге қосу жоспарланып отыр. Жобаның толық жүзеге асуы нәтижесінде 3 345 абонент табиғи газға қол жеткізеді. Тартылған газ құбырының жалпы ұзындығы – 70 шақырымға жуық, – деді қала әкімдігінің ресми өкілі.

Advertisements