Шымкент: MDS Doors – Отандық есік өндірісін жаңа деңгейге көтерген қазақстандық бренд

MDS Doors — Қазақстандағы кіреберіс есік өндірісінің қарқынды дамып келе жатқан бренді. Он жылдан астам уақыт бойы отандық нарықта тұрақты жұмыс істеп келе жатқан компания бүгінде сапа, беріктік және заманауи дизайнды үйлестіре отырып, тұтынушылар сенімінен шығып келеді.
Зауыт шығарған есіктердің басты ерекшелігі — металдан жасалған берік қаңқа, заманауи үлгіге сай дайындалған сыртқы дизайн және өндірістің барлық кезеңінде талаптардың қатаң сақталуы. Компания өз өнімдеріне бес жылға дейін кепілдік береді және еліміздің түкпір-түкпіріне жеткізуді қамтамасыз етеді.
Өндіріс ісі бойынша директор Дмитрий Барановтың айтуынша, есіктің қаңқасы 0,8–2 мм аралығындағы жоғары сапалы металдан дайындалады. Әдетте белгілі бір стандартқа сай өлшемдер ұсынылғанымен, зауыт тұтынушылардың жеке тапсырысына да толықтай бейімделген. Соның нәтижесінде үлкен көлемдегі есіктер де дайындалады. Айталық, ені 4 метр, биіктігі 3,5 метр болатын үлкен көлемдегі есіктерді жасау тәжірибесі бар.
Зауыт бүгінгі күні толық автоматтандырылған жүйе бойынша жұмыс істейді. Қол күші қажет етілмейді, жұмысшы тек бір жапырақ металды станокқа орналастырса болғаны қалған жұмысты құрылғылар өздері атқарады. Өндіріс үшін қажетті автоматтандырылған станоктар Қытайдан сатып алынған, ал технологиялық үрдістер заман талабына сай жетілдірілген.
Зауыт басшысы Аббосхон Қадыров MDS Doors-тың құрылу тарихына тоқтала отырып, нарықтағы жағдайды жіті талдағандарын айтады. Қазақстан нарығында есіктердің басым бөлігі Ресейден, Белорусиядан және Қытайдан әкелінетінін байқаған компания басшылығы отандық өндірісті дамытуға шешім қабылдайды. «Неге сырттан аламыз? Қазақстанда да сапалы есік шығаруға болады ғой» деген идеядан бастау алған бұл бастама бүгінде ірі өндіріс орнына айналды. Алғашында шағын ғана цех болып жұмыс бастаған кәсіпорын қазіргі таңда үлкен зауытқа айналып, қажетті барлық технологияларды өздігінше игеріп, сапалы өнім шығаруды жолға қойды.
Компанияның тарихы 2016 жылдан басталады. Ал MDS Doors атауымен бренд ретінде 2021 жылы қалыптасты. Алғашында “Метал Дизайн Сервис” деген атаумен жұмыс жасаған ұжым өз брендіне осы атаудың бас әріптерін негіз еткен. Бүгінде компания Қазақстан аумағында кең қолжетімділікке ие: еліміз бойынша 9 шоурум жұмыс істейді. Оның үшеуі — Алматыда, екеуі — Шымкентте, қалғандары Тараз, Қызылорда және Ақтау қалаларында орналасқан. Бұған қоса, компания өнімдері Орта Азия нарығына да жол тартқан. Ташкентте екі шоурум ашылып, Душанбе мен Бішкекте де MDS Doors өнімдері ұсынылған арнайы кеңселер жұмыс істейді.
MDS Doors тек бөлшек саудада ғана емес, еліміздегі ірі құрылыс компанияларымен де бірлесе жұмыс істейді. Жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер мен ғимараттарға сапалы, берік және заманауи үлгідегі есіктерді ұсыну арқылы компания Қазақстанда жасалған өнімнің бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеп келеді.
Бүгінде MDS Doors — Қазақстандағы есік өндірісінің жаңа деңгейін қалыптастырып, экспорттық бағытын кеңейтуді мақсат еткен бренд. Заманауи технологиялар, мінсіз сапа, ұлттық нарыққа деген жауапкершілік және үздіксіз даму — компанияның басты ұстанымдары. Отандық өнімнің қуатын арттырып, халықаралық нарыққа шығуды көздеген кәсіпорын алдағы уақытта да өз тұтынушыларына сенімді әрі сапалы өнім ұсынуды жалғастыра бермек.












