Әжесінен алимент өндірмек болды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Әжесінен алимент өндірмек болды

7

Мақпал мен Алишердің ажырасқандарына 15 жылдан асты. Басында бірін бір сүйіп қосылған екі жастың некесі ұзаққа бармады. Қысқасы бір баладан кейін екеуі ажырасып тынды.

Ата-анасынан қолдау тапқан жас ана бірден сотқа жүгініп ажырасуға арыз қалдырыпты. Алишер де қарсылық танытқан жоқ. Себебі, соңғы жылдары әйелі мен анасының ортасында жүріп әбден қажыған. Оның жүйкесі тыныштықты қалады. Ал, әйелі мен анасы бірге тұрса, ол қалаған тыныштық сол күйі арманға айналатынын жақсы білді.  Сондықтан да қарсыласпады. Отбасы үшін күреспеді. Анасының етегінен ұстап, сол кісінің дегенінен шықпады. Ажырасу процесі барысында сот Алишерге ұлы үшін алимент төлеп тұруды міндеттеді. Бірақ Алишер жаман күйеу ғана емес, нашар әке де болып шықты. Табысының 4/1 пайызын ұлына алимент ретінде төлеп жүрген әкенің шыдамы  2-3 жылға ғана жетті. Сосын баласының алдындағы міндеттен жалтарды. Тұрғылықты мекенжайын ауыстырды, жұмыстан шықты. Осылайша, ізім-ғайып жоқ болды.  Екінші рет тұрмысқа шыққан Мақпал бұрыңғы күйеуінің баласына төлейтін алиментіне мұқтаж  емес еді. Сондықтан да  төлеп не төлемей жатқанына бас ауыртпады. Алайда, оның қуанышы ұзаққа бармады. Екінші нәрестесін құшағына алғаны сол еді, сұм ажал отбасының тірегін, екінші ұлының әкесін жалмады. Осылайша ол екі ұлмен жалғыз қалды. Өзі жұмысқа орналасты. Жалақысы 75 мыңнан сәл-ақ асады.  Арман 9 сыныптан соң колледжге түскен. Күндізгі, ақылы түрде оқыйды. Арман ержеткен сайын оның шығындары да талабы да көбейді. Жалғызілікті ананың материалдық жағдайы нашарлап, екі баланы бір өзі асырау қиынға соқты. Алишердің жұмыс істемейтінін білген Мақпал оның зейнеткер анасын, Арманның әжесін сотқа береді. Ол экс-күйеуінің баласының алдындағы қордаланған қарызын әжесі төлеуі керек деп санады.  Өзінің талап-арызында бұрыңғы күйеуінің алименттік борышы  4 535 874 тенгені құрағанын, осы соммыны Алишердің анасынан өндіріп беруді сұрады. Ол  ақшаның жауапкерлерде бар екенін алға тартты. Бұрыңғы күйеуі жұмыс істемесе де, оның анасы зейнеткер екенін, алатын зейнетақысы тұрақты екенін айтып,  алимент төлеп отыруды міндеттеуді өтінді.

Жауапкерлер хабарламаны алды, бірақ сотқа келмеді. Уәждерін айтпады. Сот жауапкерлерсіз ақ істі қарады. Cот баланың әкесі жұмысқа қабілетті екенін анықтады.  Мүгедектігі жоқ, денсаулығында кінәрат жоқ екені белгілі болды. Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарылмаған.  Мақпал  экс-енесінде ақшасы бар деген уәжіне дәлел келтіре алмады. Жаупкердің зейнетақысынан бөлек ақшаның барына қажетті құжаттарды ұсынбады. Сондықтан да сот оның талабын – қанағаттандырмады.  Алиментті өндіру және төлеу тек Алишердің мойнына жүктелді. Бірақ, не жұмысы, не мүлкі жоқ Алишер қарызын қалай төлейтіні және ай сайын алиментті қалай беретіні белгісіз.

 

 

Advertisements