Шардара: Орталық мешітке қызметтік үй мен автокөлік берілді - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шардара: Орталық мешітке қызметтік үй мен автокөлік берілді

6

Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев орталық мешіттің бас имамы Қажымұқан Қазыбаев пен наиб имам Еркебұлан Жұмахановпен кездесті.

Аудан басшысы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, демеушілердің қолдауымен алынған бес бөлмелі қызметтік үй мен жаңа қызметтік автокөлікті салтанатты түрде табыстады. Бұл бастама мешіт қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және олардың ел игілігі жолындағы еңбектеріне қолдау көрсетуге бағытталған.
Өз кезегінде бас имам Қажымұқан Тынышбекұлы көрсетілген құрмет пен қолдау үшін шынайы алғысын білдіріп, аудан әкіміне батасын берді. Ол мұндай игі істердің сауабы мол екенін атап өтіп, ел ішінде ынтымақ пен татулықтың арта беруіне тілектестік білдірді.

Advertisements