
Қазіргі таңда Орталық Азия елдерінің азық-түлік нарығы шапшаң дамуда. Сүт өнімдері мен ұн өнеркәсібі өнімдерімен қатар өсімдік майын өндіру қарқынды өсіп келеді. Бұған себеп – сұраныс, бұл экономиканың тұрақты дамуы мен өмір сүру деңгейінің көтерілуі арқасында мүмкін болып отыр. Алайда бүгінгі таңда нарық өнімнің сапасына қатаң талаптар қойылып отыр. Мұндай кезде өндірушілердің сапасы нашар тауар өндіруге құқығы жоқ, олай болған жағдайда ол сәтсіздікке ұрынады.
«Шымкентмай» АҚ істің осындай боларын алдын ала болжап, осыдан бірнеше жыл бұрын өндірісті ауқымды жаңғыртуды бастады.
Компанияның тарихына тоқталып өтсек, Чимкент май комбинаты ашылып, іске қосылған сәттен, яғни 1942 жылдан бастау алады. Еліміз соғыстан кейін қалпына келіп, оның өнеркәсіптік әлеуеті өсті, біздің комбинат та өсті. Бастапқыда тәулігіне 280 тонна мақта тұқымын өңдеуге есептелінген өндірістік қуат жыл санап 1150 тоннаға дейін өсті. Көп ұзамай компания өз саласында Орта Азияда көшбасшы бола білді, майлы дақылдарды өңдеудің жаңа түрлерін игерді, бірнеше рет өндірісті жаңғыртуды жүргізді. Кәсіпорын күнбағыс, мақсары, соя, рапс, қыша және қышабас бұршақтары тұқымдары секілді басқа дақыл түрлерін өңдеу технологиясын меңгеру есебінен шығарылатын өнімнің ассортиментін кеңейтті. Техникалық-экономикалық көрсеткіштері айтарлықтай ұлғайды, бұл бұрынғы КСРО аумағында кәсіпорынның алдыңғы қатарлы орындардың бірін тұрақты ұстап тұруына мүмкіндік берді.
Кеңес Одағының ыдырауына байланысты ауыр күндер бастау алған шақта өндірістік қуат төмендеп, кәсіпорын жабылудың сәл-ақ алдында болды. Алайда, басшылықтың нақты іс әрекеттерінің, қызметкерлердің төзімділігі мен шын берілгендіктерінің арқасында комбинат сақталып қалды.
1993 жылы Чимкент май комбинаты базасында «Шымкентмай» акционерлік қоғамы құрылды. Кәсіпорын қалдықсыз технология бойынша жұмыс істейді. «Шымкентмай» АҚ өндірістік қызметінің негізгі түрлері болып табылатындар: өсімдік майлары, майонез бен майонез соустары және кір сабыны мен мал азығын шығару.
Жүздеген мың қазақстандық «Шымкентмай» өнімдерін бағалап, тұрақты сатып алады.
«Шымкентмай» АҚ өз өнімінің тек өндірушісі ғана емес, сондай-ақ таратушысы да болып табылады.
Қазіргі уақытта «Шымкентмай» АҚ өз өнімін Қазақстанның халық ең тығыз орналасқан өңірлеріне белсенді түрде таратуда: Түркістан облысы, Алматы және Алматы облысы, мұнда бүкіл Республиканың 25%-дан астам халқы өмір сүреді.
Алматы қаласы мен Алматы облысында «Шымкентмай» АҚ-ның 6 сауда өкілі және 6 автомашинасы жұмыс істейді, олар шын мәнінде орасан зор жұмыс көлемдерін атқарады. Түркістан облысында 10 сауда өкілі және 10 автомашина жұмыс істейді.
«Шымкентмай» АҚ Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің ең ірі экспорттаушы кәсіпорыны ның бірі болып табылады.
Экспортқа шығаратын өнімдер келесі елдерге жіберіледі: Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғаныстан және Иран.
«Шымкентмай» АҚ өнімдерін белсенді түрде сату барынша табысты және жеңіл өтеді, себебі өткізушілер сапасы жағынан өнімнің улкен сұранысқа ие.












