Шымкенттен әлемге тарайтын тоқыма емес материалдар - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкенттен әлемге тарайтын тоқыма емес материалдар

63

Қазақстандағы тоқыма емес материалдар өндірісінде алдыңғы қатардан орын алатын «ARNATEX» компаниясы өз саласында тың технологияларды кеңінен қолданып, сапалы өнім шығаруда. Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан бұл фабрика синтетикалық, жасанды және табиғи талшықтардан жоғары сапалы бұйымдар өндірумен қатар, осы материалдардан жасалған, күнделікті тұрмысқа қолданылатын түрлі заттарды да нарыққа ұсынады.

Компанияның өндірістік қуаты үш негізгі бағытқа бөлінген. Атап айтар болсақ, олар: тоқыма емес материалдар өндірісі мен сатылымы, маталар және төсек жабдықтары.
«ARNATEX» кәсіпорны толық автоматтандырылған. Мұндағы заманауи жабдықтар өндіріс процесін үздіксіз бақылауға алып, өнімнің сапасын тұрақты деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Жабдықтардың техникалық мүмкіндігі түрлі тығыздықтағы, ені мен ұзындығы әр түрлі талшықтардан шикізат өңдеуге бағытталған. Заманауи өндіріс кең ауқымды өнім түрлерімен қатар отқа төзімді, антибактериалды және су өткізбейтін материалдарды шығаруға да мүмкіндік беретінін айта кету керек. Мұндай өнімдер медицина, құрылыс, автокөлік және жеңіл өнеркәсіп салаларына арналған.
«ARNATEX» кәсіпорнына жоғары сапалы шикізат Корея, Шығыс Еуропа, Қытай сияқты елдерден әкелінеді. Бұл өнімдер санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес сертификатталған.
Компанияның басты мақсаты – тұтынушылармен ұзақ мерзімді және сенімді серіктестік орнату. Жылдам әрі ыңғайлы қызмет көрсету, жоғары сапалы өнім өндірісі «ARNATEX» ұжымының басты басымдығы болып табылады. Осылайша, «ARNATEX» Қазақстанда және шетелде тоқыма емес материалдар нарығында сенімді әрі жетекші өндіруші ретінде танылуға ұмтылып отыр.

Advertisements