SARL 3B INTERNATIONAL: Шымкенттен Алжирге мақта жеткізу көзделуде - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

SARL 3B INTERNATIONAL: Шымкенттен Алжирге мақта жеткізу көзделуде

38

Өткен аграрлық маусымда (тамыз 2023-қыркүйек 2024) мақта экспорты елімізге 1 152,5 млн әкелді. Негізгі сатып алушылар Қытай мен Түркия болды, олар қазақстандық мақтаны 80,7 млн және 38,1 млн сатып алды.

Шымкентте Алжирдің тоқыма және халықаралық сауда саласындағы ірі компаниясы — “SARL 3B INTERNATIONAL” өкілдерімен іскерлік кездесу өтті.
Кездесу аясында мақта өндірумен айналысатын кәсіпорындар туралы толық ақпарат ұсынылды. Тараптар қазақстандық шикізатты Алжир нарығына экспорттау, атап айтқанда мақта жеткізу мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, Sarl 3B International компаниясы 2005 жылы құрылған және тоқыма өнімдерін халықаралық саудаға шығаруға маманданған.
Компанияның Алжир қаласында жеке өндірістік базасы және қоймасы бар. Компания штатында басқарушы әкімшілік персоналдан, қойма қызметкерлерінен және клиенттермен үнемі байланыста болатын 10 сату өкілінен тұрады.
SARL 3b international өнімдердің кең ассортиментін шығарады: дайын киім, форма, арнайы киім, іш киім, шұлық, тоқылған бұйымдар, ұлттық аксессуарлар (галстуктар, шеврондар, береттер және т.б.), сондай-ақ шикізат (мақта, полиэстер, эластан, акрил және басқа маталар).

Компания Италия, Түркия, Египет, Қытай және Пәкістандық тауар жеткізушілермен жұмыс істейді. Сапаны бақылау ұлттық тоқыма және былғары орталығымен (cntc) серіктестікте өндірісте де, зертханалық жағдайда да қамтамасыз етіледі. SARL 3b international клиенттерінің арасында мемлекеттік және жеке құрылымдар, соның ішінде ұлттық қауіпсіздік бас дирекциясы (DGSN), SONATRACH, Алжир кеден қызметі, NUMIDIS (UNO гипермаркеттері), ARDIS, Hyper DISTRIBUTION ALGERIE, Family Shop, Grand Top Shop және т. б. бар.

Advertisements