
“Цифрлық құралдар су инфрақұрылымын жаңа басқару моделі ретінде” республикалық семинар-кеңестің панельдік сессиясының екінші бөлімі жобаларды қаржыландыруға арналды.
Бас спикерлер ретінде халықаралық қаржы ұйымдарының – Дүниежүзілік банк пен Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің өкілдері сөз сөйледі. Қорытынды сөзді “ТКШ жаңғырту және дамыту жөніндегі қазақстандық орталық”АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Солтамбеков сөйледі. Ол энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру туралы айтты.
Жүкенов Ілияс
Дүниежүзілік Банктің су ресурстары жөніндегі тобының елдік бағдарламасының үйлестірушісі банк сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жаһандық инфрақұрылымдық жобаларды шешу үшін ұсынатын елдік қаржы құралдары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
ЕҚДБ орнықты даму тобының Еуразия елдері бойынша инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары Бахтиер Файзиев су саласына цифрландыруды енгізу тәжірибесімен бөлісті. Қазақстандағы басты және табысты кәсіпорынның бірі “Су ресурстары – Маркетинг” ЖШС болды. Кәсіпорын 2009 жылдан бастап Банктің серіктесі болып табылады. Бұл ЕҚДБ-ның біздің еліміздегі сумен жабдықтау және су бұру саласындағы алғашқы жобасы болды. Уақыт көрсеткендей, Шымкент кәсіпорны-сенімді серіктес! Ынтымақтастық кезеңінде 60 миллион еуродан астам сомаға 6 клісім шарт жасалды. Бүгінгіге дейін 42 миллионы қайтарылды, кешіктірулер мен үзілістер жоқ. Маңызды факт: несиелер мемлекеттік кепілдіксіз алынған! Ең бастысы “Су ресурстары – Маркетинг” ЖШС, ЕҚДБ-дан алынған қаражатты тиімді жұмсады. Несиелер өндірістік процестерге автоматтандыру мен цифрландыруды енгізуге, желілерді жаңартуға, биогаз қондырғысын салуға, тазарту құрылыстары кешенінің қуатын кеңейтуге және жаңғыртуға көмектесті. Бұл дегеніміз жеке сумен жабдықтау және су бұру операторының жұмысы дұрыс басқарумен өте тиімді болуы мүмкін екенін көрсетеді. Мемлекеттік бюджет үшін жүктеме жоқ, ал халық үшін тариф- ел бойынша орташа. Спикер банк мұндай тез оң нәтиже күтпегенін ерекше атап өтті.












