Су ресурстары – Маркетинг: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дубирова су арнасында

ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дубирова Шымкентке келді. Вице-министр қаланы сумен қамтамасыз ететін су арнасына атбасын бұрды. Сапардың басты мақсаты – Шымкент кәсіпорнының жетістіктерімен танысу.
Қазіргі уақытта кәсіпорындағы барлық дерлік технологиялық процестер автоматтандырылған және цифрландырылған. Бұл – суды өндіру және тасымалдау, оны қысымды қашықтықтан реттеу мүмкіндігі бар желілер арқылы тарату, су шығынын есепке алу, дренаждық жүйелерді автоматтандыру және ағынды суларды тазарту. Кәсіпорын қызметінде гео-ақпараттық жүйені және гидравликалық модельді қолдану және одан алынған оң әсерлері. Қазір «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС алдында барлық жергілікті автоматтандырылған жүйелерді бірыңғай SKADA-ға біріктіру міндеті тұр. Осы бағыттағы жұмыстар белсенді жүргізілуде, вице-министр бұл жобаны іске асыру туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Тұтастай алғанда, кәсіпорын автоматтандыру және цифрландыру бойынша энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаға енгізілген міндеттердің көбісін шешті.
Сондай-ақ, Жаннат Дубирова автоматтандырылған көп арналы су анализаторымен таныстырылды. Ол 30 минут ішінде төрт негізгі көрсеткіш бойынша ауыз су мен ағынды суларға талдау жасай алады.
Жаннат Балғабайқызы сапарға өте риза болды, ол өте пайдалы және танымды болды. Вице-министр кәсіпорын ұжымының қызметіне жоғары баға берді. Қажетті тәжірибені тарату бойынша «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-мен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылады.
Айта кетейік, “Су ресурстары-Маркетинг” ЖШС мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде нарықта 26 жылдан бері табысты жұмыс істейтін кәсіпорын. Компания халық саны 1 200 000-ға жуық Шымкент қаласының халқын шаруашылық ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етеді. Ағынды суларды толық тазартумен су бұру бойынша қызметтер көрсетеді.












