Мектеп асханаларында фаст-фуд пен тәтті сусын сатуға болмайды!

Енді мектеп асханаларында фаст-фуд пен тәтті сусын сатқан кәсіп иелері қатаң жауапкершілікке тартылады. Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің бабына сәйкес салынатын санкциялар туралы айтты.
Егер аталған заңды бұзған жеке тұлға болса – 30 АЕК , яғни 117 960 теңге көлемінде айыппұл арқалайды, шағын және орта бизнес – 230 АЕК , ал ірі бизнес иелері – 6,2 миллион теңгеден астам айыппұл төлеуге міндеттеледі.












