Шымкентте 9 айда есірткіге қатысты 443 қылмыстық құқықбұзушылық анықталды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкентте 9 айда есірткіге қатысты 443 қылмыстық құқықбұзушылық анықталды

19

Шымкент қаласы Полиция департаменті өңірде “Заң мен тәртіп” қағидасын қамтамасыз ету, есірткінің заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу және нашақорлықтың алдын алу бағытында жұмыстарды жалғастыруда.

Биылғы 9 айда полиция қызметкерлерімен есірткіге қатысты жалпы 443 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.
​Оның ішінде, 79 – есірткіні сату, 14 – аса ірі мөлшерде сақтау, 32 – есірткі өсімдіктерін егіп-өсіру, 5 – жарнамалау және насихаттау, 310 – есірткі теріс қылықтары бар.
​Заңсыз айналымнан 350 кг-нан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Оның 30 кг-ға жуығы синтетикалық есірткілер.
​Мониторинг нәтижесімен есірткі саудасына қатысты және есірткі қылмысына қатысуға тартатын 1628 интернет сайттар, әлеуметтік желі парақшалары мен мессенджерлік каналдар анықталып, бұғаттауға енгізілді.
Сондай-ақ, интернет желісінде қылмыстық әрекеттерде пайдаланылған 1710 банк есепшоттары анықталып, барлығы бұғатталып, жалпы 47 млн теңге заңсыз қаражатқа шектеу қойылды.
Advertisements