Қытайлық компания Шымкентте болат өндіретін зауыт салмақ
Қытайдың ірі металлургиялық компанияларының бірі – Hebei Jingye Steel Co., Ltd. Шымкент қаласына арнайы іссапармен келді. Hebei Jingye Steel Co., Ltd. – жылына 5,5 млн тоннадан астам болат өндіретін, Қытайдың металлургия саласындағы жетекші кәсіпорындарының бірі.
Компания өнімдері Қытайдың ішкі нарығында ғана емес, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия мен әлемнің басқа да аймақтарына экспортталады.
Делегация өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысып, жергілікті инфрақұрылым, салықтық жеңілдіктер және инвесторларға жасалатын қолдау шаралары туралы толық ақпарат алды.
Шымкент қаласы бүгінде шетелдік инвесторларға тиімді жағдай ұсынып, жаңа өндірістерді дамытуға ашық алаң болып отыр.












