Шымкент: Бас шырша шамы 21 желтоқсанда жағылады

21 желтоқсан күні Астана алаңында, сағат 19:00-де бас шыршаның шамын жағу салтанаты өтеді.
Мерекелік кеш барысында жергілікті және елімізге танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Сахна төрінде Бағлан Жолдасов, Бота Әлімхан, Махмуд Урумбаев, Астана Қарғабай, Серік Гамза-заде, Айкерім Мамырова секілді орындаушылар өнер көрсетеді.
Мегаполис бас шыршасының шамын бірге жағып, мерекелік сәтті бірге қарсы алуға шақырамыз!
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі












