Қазақстанда 1 қарашадан бастап электр энергиясы қымбаттайды

Энергетика министрінің 2024 жылғы 21 қазандағы бұйрығымен электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізілді.
Мәселен, 2024 жылғы 1 қарашадан бастап тарифтер:
бірінші топ (Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС–1) — кВтсағ үшін 8,05–тен 8,27 теңгеге дейін;
екінші топ (Еуроазиялық энергетикалық корпорация) – 7,40 теңгеден 7,98 теңгеге дейін;
тоғызыншы топ (“Астана–Энергия“ АҚ) – 8,49 теңгеден 9,28 теңгеге дейін;
12–ші топ (“Қазақстан алюминийі“ АҚ) – 6,05 теңгеден 7,87 теңгеге дейін;
18–ші топ (“Степногор ЖЭО“ ЖШС) – 22,58 теңгеден 28,97 теңгеге дейін;
28–ші топ (“Жаңажол ГТЭС“ ЖШС) – 11,44 теңгеден 11,85 теңгеге дейін;
39–топ (“З–Энергоорталық“ АҚ) – 13,79 теңгеден 15,09 теңгеге дейін;
48–ші топ (“Қазхром “ТҰК“ АҚ) — 7,59 теңгеден 10,67 теңгеге дейін.
Сонымен қатар, тізімге жаңа компаниялар қосылды, олардың тарифтері алғаш рет бекітілді:
56–шы топ тарифі 43,92 теңге КВтсағ үшін ;
57–ші топтың тарифі 56,63 теңге;
58–ші топтың тарифі 26,08 теңге;
59–шы топтың тарифі 22,56 теңге;
60–шы топтың тарифі 3,07 теңге.
Бұйрық 2024 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі. “Алатау Жарық Компаниясы“ АҚ тарифтері: 2024 жылғы 1-31 желтоқсан аралығында ҚҚС-сыз (-0,44%)11,35 теңге/кВтсағ мөлшерінде;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 қарашаға дейін ҚҚС-сыз (-0,57%) 10,54 теңге/кВтсағ мөлшерінде.