Шымкенттегі су арнасын мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкенттегі су арнасын мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде

6

Шымкентте «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС-ін мемлекет меншігіне қайтару бойынша тыңдалымдар мен талқылаулар жалғасуда.

Бүгін қоғам белсендісі Бақытжан Көпбаевтың мекемені мемлекет меншігіне қайтару туралы жариялаған петициясы бойынша ашық талқылау өтті.
Жалпы, «Су ресурстары» маркетинг ЖШС-не қатысты халық арасында шағым көп. Тарифтің жоғары болуы, қамбаттығы, су тазартқыш құбырлардың жүргізілмеуі, кәріз жүйесі, қызмет сапасының төмендігі, экологиялық мәселелер халық наразылығын тудырған.
Алайда монополист бұл шешімдермен келіспейді.
Бүгінгі тыңдалымға қала әкімінің орынбасары, Сәрсен Құранбек, қоғам белсенділері, халық қалаулылары, тұрғындар және «Су ресурстары маркетинг» ЖШС мекемесінің ұжымы қатысты. Ашық талқылауда сөз алған Сәрсен Абайұлы жарияланған петиция бойынша атқарылып жатқан істермен таныстырды.
– Мәселе бойынша жұмыс тобы құрылып, 19 мүшесі бекітілді. Осы уақытқа дейін екі тыңдалым заң шеңберінде, талапқа сай өтті. Бүгінге дейін 12000 қала тұрғыны мекемені мемлекет меншігіне қайтару керек деп қол қойған, – дейді қала әкімінің орынбасары.
Бұдан әрі сөз сөйлегендердің көпшілігі стратегиялық нысанның мемлекет меншігінде болғанын құп көреді. Дегенмен мекеме басшысы Анарбек Орманның да айтар уәжі болды.
Айта кетейік, тұрғындар мен қала әкімдігі бұл стратегиялық нысанды коммуналдық меншікке қайтару арқылы қызмет сапасын жақсарту және тарифтерді төмендетуді мақсат етуде.

Advertisements