Санавиация ұшағы Арқалық маңына қонуға мәжбүр болды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Санавиация ұшағы Арқалық маңына қонуға мәжбүр болды

4

5 ақпанда  қатты боранның салдарынан Арқалық қаласынан 1,5 шақырым жерде  ҚостанайАрқалық рейсімен келе жатқан АН 2 санитарлық авиациясының ұшағы апттық жағдайда қонды. 

ҚР ТЖМ ақпараты бойынша, әуе кемесінің бортында төрт адам болған: екі ұшқыш және екі дәрігер. Оқиға туралы сигнал түскеннен кейін бірден Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру есептері мен құтқарушылар отряды оқиға орнына жедел түрде жіберілді.

Өңірдің ТЖД базасында және Арқалық қаласында жедел штабтар орналастырылды, сондай-ақ жедел желі нөмірі жұмыс істеді. Құтқарушылардың үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында борттағылардың барлығы тез табылып, Арқалық қаласына жеткізілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 

Advertisements