Шымкент қаласының әкімі жас былғары қолғап шеберлерімен кездесті - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент қаласының әкімі жас былғары қолғап шеберлерімен кездесті

3

Шымкент қаласының әкімі болашағынан зор үміт күттіретін талантты спортшылар – Нұрбек және Айбек Оралбай, Махмұд және Төрехан Сабырхан, сондай-ақ Тимур Нұрсейітовті қабылдады.

Кездесу барысында жас былғары қолғап шеберлерінің қазіргі деңгейі, кәсіби даярлығы, алдағы мақсаттары және жоспарлары жан-жақты талқыланды. Қала басшысы спортшылардың тәртіпке беріктігі, табандылығы және жаттығу үдерісіне деген жауапкершілігі жоғары бағаланатынын атап өтті. Бұл қасиеттер олардың алдағы уақытта жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал ететіні сөзсіз.
Әкім жас спортшылардың бүгінгі таңда жоғары дайындық деңгейі мен жеңіске деген берік ұмтылысының арқасында халықаралық ареналарда еліміздің беделін арттырып жүргенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, алда өтетін халықаралық турнирлерде ел намысын абыроймен қорғауларына сенім білдіріп, сәттілік пен табыс тіледі.
Мамыр айында «ALMA-TAU» тау шаңғысы кешенінде Азия чемпионатына дайындық аясында оқу-жаттығу жиындарының басталуы жоспарланған. Қала әкімі бұл кезеңнің маңыздылығын атап өтіп, спортшылардың дайындыққа барынша жауапкершілікпен қарап, Қазақстанның атын халықаралық деңгейде лайықты танытатынына сенім білдірді.
Advertisements