Қазақстан мен Африка арасындағы тауар айналымы 700 млн доллардан асты - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Қазақстан мен Африка арасындағы тауар айналымы 700 млн доллардан асты

3

2024 жылы Қазақстан мен Африка арасындағы тауар айналымы  700 миллион доллардан асты деп,  хабарлайды сыртқы істер министрлігі. 

Астанада Бенин мен Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің басшылары Олушегун Аджади Бакари мен Мұрат Нұртілеу келіссөздері өткізіп,  екі елдің экономикалық және дипломатиялық ынтымақтастығын талқылады. 

Бұл екіжақты қатынастар тарихындағы алғашқы сапар, кездесуде Қазақстан тарапы Бенинге сауда миссиясын жіберуге дайын екенін жеткізді.

Сауда, логистика және цифрландыру сияқты стратегиялық маңызды салаларда кооперацияны кеңейтуге ерекше назар аударылады. Агроөнімдерді экспорттау контекстінде Бенинге астық, ұн, өсімдік майлары, тыңайтқыштар мен органикалық өнімдерді жеткізу перспективалары талқыланды. Тараптар сондай-ақ Бениннің ауыл шаруашылығы мен геологиялық барлау қажеттіліктері үшін пайдалы болуы мүмкін жерді спутниктік қашықтықтан зондтау қазақстандық қызметтерін пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.

Көліктік өзара байланыс мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан Қытайдан Еуропаға құрлық транзитінің 90% қамтамасыз етеді, ал Бенин Котону порты арқылы батыс және Орталық Африкаға қақпа ретінде шешуші рөл атқарады. Осыған байланысты тараптар екі елдің көлік ведомстволары мен логистикалық компаниялары арасында келіссөздер жүргізуді қоса алғанда, Бір белдеу, бір жол бастамасы мен Орта дәліз шеңберінде байланыстарды дамытуды қолға алмақ.

Ақпараттық технологиялар және цифрландыру саласында жоғары әлеует атап өтілді. Қазақстан сыртқы істер министрліктегілер де Бенинмен цифрлық ынтымақтастық жөніндегі Жол картасына қол қоюға дайын екендіктерін атап өтті және бениндік компаниялар Орталық Азиядағы ең ірі техстартаптар технопаркіAstana Hub қа қосылуға шақырылды. Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында Тараптар Қазақстан мен Бениннің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси және дипломатиялық консультациялар бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Advertisements