Ұшақта бортсерікке шабуыл жасаған жолаушы ұсталды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Ұшақта бортсерікке шабуыл жасаған жолаушы ұсталды

18

Полицейлер SCAT авиакомпаниясының АстанаАқтау бағытындағы ұшақта бортсерікке шабуыл жасаған жолаушыны ұстады. 

Тәртіп бұзушы ұсталды. Тексеріс жүргізілуде. Нәтижесі бойынша, оқиғаға қатысушыларға шара қолданылады.

Естеріңізге сала кетейік, жолаушы мен бортсерік арасындағы жанжал 20 сәуірде сағат 00:05те ұшақ Ақтауға қонған кезде болған. Жолаушылардың сөзінше, салонда ұялы телефонын ұмытып кеткен ер адам жанжалдың бастамашысы болды

Салонға оралуға тырысқан жолаушыны бортсерік тоқтатып, жолаушылардың түскенін біраз күтуін өтінеді. Бірақ,  телефон иесі бортсеріктің өтінішін елемейді.  Сол кезде бортсерік телефонды өзі алып келмек болады, алайда, жолаушы авиакомпания қызметкерінің артынан жүгіріп барып, бетіне қатты соққы берген.

Полиция келгенше агрессор өзінің қарсы алушы танысымен бірлесіп, сабырсыздық танытады. Екеуі өз кінәсін белсенді түрде жоққа шығарды, бірақ куәгерлер болған оқиғаның фактісін растады және кінәлі өзіне жүктелген жазаны алады деп үміттенді.

Advertisements