Астана: 11 жастағы бала суға батып кете жаздады

Кеше Сарыарқа ауданында Ш. Бейсекова көшесіндегі көпірдің жанындағы коммуналдық жағажайда жоспарлы патрульдеу барысында ТЖМ жедел–құтқару жасағының қызметкерлері суға батып бара жатқан баланы құтқарды.
Шомылу кезінде 11 жастағы баланың аяқғының бұлшық еті тартылып, ол суда қозғалу қиындықтарының белгілерін көрсете бастады.
Бала судан шығарылды. Медициналық араласу қажет болмады–жағдай қанағаттанарлық.