Шымкент: “Өрлеу” бағдарламасы кәсіпкерлікке қуатты серпін беруде - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент: “Өрлеу” бағдарламасы кәсіпкерлікке қуатты серпін беруде

0

Қазақстанда кәсіпкерлік саласын қолдау бағытында тағы бір маңызды қадам жасалды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Ұлттық экономика министрлігі және «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, жаңа «Өрлеу» бағдарламасын іске қосты. Бұл бастама экономиканың басым салаларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген несиелер арқылы қолдау көрсетуді көздейді.

Бағдарлама кәсіпкерлікті қаржылай демеп қана қоймай, отандық өндірісті, көлік логистикасын, туризмді, білім мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға бағытталған.
«Өрлеу» бағдарламасы аясында кәсіпкерлер келесі бағыттар бойынша жеңілдетілген несие ала алады:
• Инвестицияға арналған несие — 7 млрд теңгеге дейін;
• Айналым қаражатына — 3,5 млрд теңгеге дейін.
Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 12,6%-дан аспайды, бұл қазіргі нарықтағы тиімді көрсеткіштердің бірі.
Қаржыландыру мерзімі де мақсатқа байланысты әртүрлі:
• Инвестициялық жобалар үшін – 10 жылға дейін;
• Айналым қаражатын толықтыру – 3 жылға дейін;
• Қайта қаржыландыру – бастапқы қарыз мерзімінің қалған бөлігімен шектеледі.
Бағдарлама келесі экономикалық секторлардағы кәсіпкерлерге бағытталған:
• Өндіріс саласы;
• Көлік және қоймалау;
• Туризм;
• Білім беру және денсаулық сақтау инфрақұрылымы.
Бұл салалар ел экономикасының тіректерінің бірі болғандықтан, оларды қаржылай қолдау – тұрақты даму мен жаңа жұмыс орындарының көзі болмақ.
Кәсіпкерлер «Өрлеу» бағдарламасы аясында келесі екінші деңгейлі банктер арқылы несие ала алады:
• Freedom Bank АҚ
• ЦентрКредит Банкі АҚ
• Forte Bank АҚ
• Halyk Bank АҚ
• Нурбанк АҚ
Қаржыландыру процесі ашық және делдалсыз жүзеге асырылады, бұл – кәсіпкерлерге тиімді әрі сенімді жолмен несиеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Advertisements