“БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ МЕКЕНІ” АТТЫ ШЕРУ МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ КҮЙ СЫЙЛАДЫ
Арбат демалыс аймағында өнерпаздардың “Балалық шақтың мекені” атты шеруі бүгінгі мерекені айшықтай түсті. Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының ұйымдастыруымен өткен мерекелік шараға Оқушылар сарайының барабаншылар тобы, Саз колледжінің үрмелі және ұлт аспаптар оркестрі, театр қуыршақтары мен балалар персонаждары атсалысты.
Мерекелік репертуар, музыкалық аспаптардың үйлесімі, сазды-театрландырылған шеру көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Шеру Оталық саябаққа дейін жалғасты.