ШЫМКЕНТ: СӘУЛЕ ШАҒЫН АУДАНЫНДА ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛДЫ

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қала әкімі Сәуле шағын ауданында бой көтерген жаңа саябақты ашты. Бірегей саябақ аймағы қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орындарының біріне айналады.
Жалпы ауданы 2,5 гектарды құрайтын демалыс алаңына 1000-ға жуық ағаш, 13500 шаршы метр көгал отырғызылып, жарықтандыру жүйесі орнатылды. Бірнеше аймақтарға бөлінген саябақта балалар демалысына және спортпен шұғылдануға жағдайдар жасалып, воркаут алаңдар мен серуендеу жолдары қарастырылған.
Ғабит Сыздықбеков саябақты салуға атсалысқан баршаға алғысын білдірді. Осындай жобалардың арқасында қала тұрғындары қосымша қоғамдық алаңдарға қол жеткізіп, ашық аспан астында серуендеуге мүмкіндік алады.