Шымкенттік “Ордабасы” Ел чемпионатын төртінші орынмен аяқтады - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкенттік “Ордабасы” Ел чемпионатын төртінші орынмен аяқтады

5

Футболдан Ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Шымкенттің «Ордабасы» командасы сайыстың соңғы турында Семейлік Елімай командасын қабылдап 2-1 есебімен ұтты. Бұл жеңіс команданың төртінші орыға көтерілуіне септігін тигізбеді. Нәттижесінде Алматылық «Қайрат» командасы ел чемпионы атанды. Ал Ордабасы командасы биылғы чемпионатты ел чемпины ретінде бастап қорытындысында 4-ші  орында қалып қойды. Соңғы төрт турда үш рет жеңіліс тауып, жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Соңғы кезеңде Семейдің «Елімай» командасын қабылдап, 2-1 есебімен жеңді. Ойын барысында ерекше өнер көрсеткен алаң иелері алғаш болып есеп ашты.  Осылайша ордабасылықтар  жақсы ойын көрсетіп, жанкүйерлерін бір қуантып тастады. Кездесуде алматылық «Қайрат» ел чемпионы атанды. Екінші орын Астана командасының үлесінде болса, жүлделі үшінші орынды Ақтөбе командасы иемденді. Чемпионат барысында қарсыластар қақпасына 10 гол салған Қайраттың ойыншысы Жоао Паулу  мен Тобылдың шабуылшысы  Ислам Чеснаков мергендер тобын бастады. Ал чемпионатта облыс құрамасының атынан шыққан Түркістанның Тұран командасы 20 ұпаймен 12 орынмен премьерлигадағы өз орнын сақтап қалды. Айтып өтейік, келесі жылдан бастап сырттан келетін ойыншыларға талап күшейтіліп отыр. Оларға төленетін қаржы бюджет есебінен емес, демеушілер арқылы жүзеге аспақ.

Естеріңізге сала кетейік, «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері Александр Седнев қызметінен кеткенін жазған едік. Айта кетейік, Александр Седнев «Ордабасы» клубын жаттықтыруға 2021 жылдың басында келді. 2022 жылы оның басшылығымен клуб Қазақстан кубогын жеңіп алды. Ал өткен маусымда тарихта алғаш рет премьер-лиганы жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды.

Advertisements