Судья темір торға тоғытылды

Шымкентте cудья мен оның сыбайластары ірі алаяқтық үшін кінәлі деп танылды.
“А есімді азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылған танысының жұбайын бас бостандығынан айырмау жазасын тағайындауға көмектесуге уәде берген. А. – ның өтініші бойынша сотталушы Д. осы мәселе бойынша судья М. – ға жүгінеді. Осыдан кейін А., Д. және М. бірігіп, К. – ның қолма-қол ақшасын аса ірі мөлшерде ұрлап кеткен”.
Сот үшеуін де ҚР ҚК 190 — бабы 4–бөлігінің 2–тармағы – “алаяқтық” бойынша кінәлі деп таныды.
Судьяға мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру тағайындалды.
Д. – 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айырылып, 7 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысуға тыйым салынды. А. – 5 жыл темір торға тоғытылды.
Олар жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық–атқару жүйесінің мекемелерінде өтейтін болады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.