Қытайға Қазақстаннан жөнелтілетін газ көлемі ұлғаяды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Қытайға Қазақстаннан жөнелтілетін газ көлемі ұлғаяды

12

QazaqGaz және PetroChina 2025 жылы елімізден ҚХР-ға жеткізілетін газ көлемін ұлғайту туралы келісті,- деп хабарлады  ұлттық компанияның баспасөз қызметі. 

Ақпаратта көрсетілгендей, “QazaqGaz ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов пен PetroChina International Директорлар кеңесінің атқарушы төрағасы У Джунли бұған дейін түзілген үш жылдық табиғи газды сатып алусату шартына қосымша қол қойды.

Бұл қадам 2025 жылы Қытайға газ экспортының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетика саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтады. Қазақстандық газ саласы өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейту үшін ресурстардың сенімді жеткізушісі болып табылады, деп атап өтті QazaqGaz.

 Қосымша келісімге қол қою Астанадағы Қазақстанытай бизнесфорумы аясында өтті.

Advertisements