Қарағандыдан Ыстамбұлға тікелей авиарейс іске қосылады - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Қарағандыдан Ыстамбұлға тікелей авиарейс іске қосылады

4

Қарағандыдан Ыстамбұлға тікелей әуе рейсі іске қосылмақ.

Рейстер 4 маусымнан бастап аптасына екі рет сәрсенбі және жұма күндері орындалады. ТасымалдаушыFly Arystan.

Қарағанды агломерациясының 870 мың тұрғыны бар. Бұл облыс орталығына жақын орналасқан 30-дан астам қала мен кент.

Біздің тұрғындардың шетелге саяхаттау қажеттілігі бар, ал басқа әуежайлар арқылы жету өте ыңғайсыз. Қарағанды әуежайы халықаралық, яғни авиакомпаниялармен серіктестікте ол бізді Стамбул, Дубай, Пекин, Шанхай сияқты негізгі хабтармен байланыстыра алады. Бұл біздің алдымызда тұрған үлкен жұмыстың бастамасы ғана екеніне сенімдімін, деп атап өтті Қарағанды әуежайының Директорлар кеңесінің төрағасы Еран Оспанов.

Дереккөз: FlyArystan

Advertisements