Қазақ-Қырғыз байланысы нығая түспек - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Қазақ-Қырғыз байланысы нығая түспек

13

Шымкент қаласында Қырғыз Республикасының Құрметті консулдығы салтанатты түрде ашылды. Бұл – қазақ-қырғыз бауырластығының жаңа кезеңі, өзара сенім мен тату көршіліктің айқын көрінісі.

Іс-шараға Ош қаласы әкімінің бірінші орынбасары Адилет Шаршеналы уулу, Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулы Женишбек Асанкулов, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов және екі елдің кәсіпкерлері қатысты.
Женишбек Асанкуловтың айтуынша, құрметті консулдық – экономикалық серіктестікке, мәдени алмасуға, жастар бастамалары мен логистикалық жобаларға жол ашатын маңызды алаң. Қазақстан – Қырғызстанның сенімді әрі ірі сауда серіктесі екенін атап өтті.
Құрметті консул қызметіне Талғат Айтбаев тағайындалды.
Қуаныш Асылов өз сөзінде бұл консулдықтың ашылуы Шымкенттің халықаралық ынтымақтастығы үшін маңызды қадам екенін жеткізді.
Жиын соңында 2025–2028 жылдарға арналған Шымкент пен Ош қалалары арасындағы әріптестіктің жол картасы таныстырылды.
Advertisements