Алматының жаңа әкімі халыққа жақын болуға уәде берді - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Алматының жаңа әкімі халыққа жақын болуға уәде берді

10

Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды алдын ала дайындалған маршрутпен емес, халық көп шоғырланған аудандарға, аулаларға, мектептерге, базарлар мен көшелерге үнемі шығуға уәде берді.

Мәслихат отырысы кезінде Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысына өзіне артқан сенімі үшін алғысын білдірді.

Әкім оның жұмысы келесі негізгі басымдықтарға негізделетінін айтты.

1. Көлік жүйесін дамыту және экологияны жақсарту.

2. Тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі.

3. Экономиканың тұрақты дамуы және кәсіпкерлікті қолдау.

4. Қолжетімді және сапалы білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау.

5. Ашықтық, диалог және есеп беру.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.

Advertisements