Май өндіретін жаңа зауытқа 8 млрд теңге инвестиция тартылды

Абай облысының Мақаншы ауылында майлы дақылдарды өңдейтін және тазартылған күнбағыс майын өндіретін зауыты салынуда. Жобаның жалпы құны–8 млрд теңге, оның 3 млрд теңгесі — инвесторлардың өз қаражаты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Толық іске қосылған кезде кәсіпорын жылына 1 мың тоннаға дейін тазартылған күнбағыс майын өндіретін болады. 120 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Қазір нысанда құрылыс–монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жобаның толық аяқталу мерзімі–2027 жылдың желтоқсан айы.