Шымкент: Мүгедек таксисті ұрған қарақшылар өз жазасын алды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент: Мүгедек таксисті ұрған қарақшылар өз жазасын алды

14

Шымкентте қылмыстық істер жөніндегі қалалық ауданаралық сот есту және сөйлеу қабілеті бұзылған такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі адамға үкім шығарды. 

Айыпталушы Ж.Б.  ҚР ҚК 191бабы, 2бөлігі, 1 және 3-тармақтары бойынша тонау жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды. Оның серіктесі М.Т. 3 жылға қамалды.

Іс материалдарына сәйкес, қылмыс Көктем базары маңында жасалған. Екі айыпталушы такси қызметін пайдаланып, сапар аяқталғаннан кейін есту және сөйлеу қабілеті бұзылған жүргізушіні ұрып-соғып, жалпы құны 180 мың теңгеден асатын екі ұялы телефонды ұрлап әкеткен. Шабуылдан кейін олар оқиға орнынан қашып кеткен.

Сотталғандардың екеуі де бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Ж.Б . 2019 жылытонау” қылмысы үшін сотты болған. М.Т. 2024 жылы Ұрлықбабы бойынша жазасын өтеген.

Айыпталушылардың екеуі де кінәні мойындап, залалды өтеді. Олар жазаны қылмыстықатқару жүйесінің мекемелерінде барынша қатаңдық деңгейімен өтейтін болады.

 

Advertisements